Пайдаланушыларға көмек
Статистика
- 184476Бюджеттік бағдарламалардың орналыстырылған жобалары
- 84343 Қоғамдық Кеңеске берілген бюджеттік бағдарламалардың жобалары
- 82817 Порталда орналастырылған Материалдар
Анықтамалар
Бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет жүйесі – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Бекітілген бюджет – Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет.
Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер бюджет кірістері болып табылады.
Салықтық түсімдер Қазақстан Республикасының Салық және Кеден кодекстерінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтық емес түсімдер Қазақстан Республикасының Салық және Кеден кодекстерінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтық емес түсімдер негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген, бюджетке міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша болып табылады.
Бюджеттік, шоғырландырылған қаржы есептілігін, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпаратты «Материалдар» бөлімінде, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді «Бюджеттік бағдарламалар», «Мұрағат» бөлімдерінде табу, көру, жүктеу үшін Сізге порталда авторизациялау қажетті емес.
"Ашық бюджеттер" порталға кіру рұқсатын алу үшін "Электрондық үкімет" порталында http://egov.kz/cms/ru жеке тұлға ретінде тіркелу және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-на ақпаратты орналастыру бойынша жауапты тұлғалардың Т.А.Ә., ЖСН, мемлекеттік органның атауы, электрондық мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген ресми хат жіберу қажет. Сұрақтар туындаған жағдайда, 1414 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.
Бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік бағдарламалардың іске асыру туралы есептерді түсініктеме беру үшін авторландыру қажет. Порталда авторландыру үшін, Сіз «электрондық үкімет» веб-порталында» eGov.kz тіркелген болуы тиіссіз. Сұрақтарыңыз немесе тіркелуде қателер болған жадайда, Сіз Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 немесе 8-800-080-7777 нөмірлерін хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін!
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ақпаратқа, білімге және басқа ресурстарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін қазақ тіліндегі мәтінді дауыстауға арналған қосымша.Деректерді табу үшін, «Материалдар» бөлімін пайдалануға болады:
«Материалдар» жылы мүмкіндігі бар:
Бұдан басқа, іздеу жолағымен пайдалануға және беттің жоғарғы іздеу алаңында мемлекеттік органның есептің атауларын енгізуге болады. Порталдың барлық бөлімдерде іздеу жолағымен пайдалана аласыз.
Одан кейін қажетті есепті (мысалы, 1-қарашаға республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп) таңдағанда, Сіз есептің атауын басу қажет, бұдан кейін есепті қарау терезесі ашылады. Онда бюджеттің түрін/МО атауы/бекіту күні/өзекті күні, есептің өзі, жүктеуге сілтемеде.
Әрі қарай, есепті жүктеу үшін «Жүктеу» белгішесін басыңыз және Excel форматында файлды жүктеу қажет.
Бюджеттік бағдарламаға пікір қалдыру үшін тіркелу қажет.
Бюджеттік бағдарламалардың әр тармағының астында «Пікір қалдыру» сілтемесі бар.
Пікір қалдыру үшін сізге Бюджеттік бағдарламаның мазмұны (мәтіні) орналасқан бетке өту қажет. Кейін, қажетті тармақтың «Пікір қалдыру» сілтемесіне басып және пайда болған терезеге өзіңіздің ұсныстарыңыз бен ескертулеріңізді енгізесіз және «Пікір қалдыру» батырмасын басасыз.
Сіздің қалдырған пікіріңіз модерациядан өтеді және модератормен мақұлданған жағдайда жарияланатынын ескертеміз.