Портал туралы

 

           Транспаренттік және есеп беретін үкіметті қалыптастыру - Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында туындайтын институционалдық реформалар бес негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

           Осы негізгі нұсқауды іске асыру Қазақстанда «Ашық үкімет» тұжырымдамасы енгізілуде, басты мағына мемлекеттік сектордың айқындылығы ғана емес, сондай-ақ азаматтардың маңызды мемлекеттік шешімдерін  қабылдау және ісе асыру процессіне электрондық ресурстар арқылы тартуынан тұрады.

            Өз кезегінде, «Ашық үкімет» келесі құрауыштарды қосады: Ашық деректер, Ашық НҚА, Ашық бюджеттер, Ашық диалог және МО қызметінің тиімділігін бағалау. 

             «Ашық бюджет» Порталы бірінші кезекте мемлекетте «бюджет» түсінігі туралы азаматтарға ұғынымды жеңілдету және бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау арқылы белсенді азаматтық позицияның дамуына жәрдемдесу мақсатында құрылды. Осы мақсатта, Ашық бюджеттер порталында бюджеттік бағдарламалардың жобаларын бекіткенге дейін жариялау жүргізілуде, осылай,  адамдарға бюджет қаражаты шығыстары процесіне өзгерістер енгізу мүмкіндігін береді. Сонымен бірге, тексерулер нәтижесінде туындайтын қандай бұзушылықтар болатын білуге мүмкіндік беретін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелері туралы ақпарат жариялануда. Бюджеттік есептілікті жариялау, азаматтарға, жетекші ғылыми-зерттеу және басқа да ғылыми жұмыстарға көмектеседі.

             «Ашық бюджеттер» порталында ақпаратты орналастыратын мемлекеттік органдардың қызметкерлері келесідей НҚА пайдаланады:

             1. Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1400010176

             2. Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100022682

             3. Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800016261

             4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014624

Ашық үкімет компоненттері

Статистика

  • 184476Бюджеттік бағдарламалардың орналыстырылған жобалары
  • 84343 Қоғамдық Кеңеске берілген бюджеттік бағдарламалардың жобалары
  • 82817 Порталда орналастырылған Материалдар

Анықтамалар

Бюджет - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет жүйесі – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Бекітілген бюджет – Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат бекіткен бюджет.
Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер, трансферттік түсімдер бюджет кірістері болып табылады.
Салықтық түсімдер Қазақстан Республикасының Салық және Кеден кодекстерінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтық емес түсімдер Қазақстан Республикасының Салық және Кеден кодекстерінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтық емес түсімдер негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген, бюджетке міндетті, қайтарымсыз төлемдер, байланысты гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша болып табылады.

Видео көмек

тағы видео »